Embassy of Kazakhstan In Israel

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИЗРАИЛЬДЕГІ ЕЛШІЛІГІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-ПАРАҒЫ

Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауы 2010 жылғы 29 қаңтар


 Ж А Ң А Л Ы Қ Т А Р   Т І З Б Е Г І :

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 70-жылдық мерейтойын өткізу туралы (13 шілде)

Ү.ж. 13 шілдеде «Бухара а-яфа» мейрамханасында Орталық Азиядан шыққандардың Дүниежүзілік мәдени орталығының (президенті- Мордехай Кимягаров) бастамасымен және де қолдауымен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 70-жылдық мерейтойы өткізілді.

XV Халықаралық музыкалық фестивалі

Ү.ж. 7-14 шілде аралығында Израильдің Акко қаласында израильдік танымал скрипкашы Роберт Канетти ұйымдастырған XV Халықаралық музыкалық фестивалі өтті. Фестивальға Израиль, Ресей, Қазақстан, Түркия, Австрия, Франция, Италия, Сингапур, Сербия мемлекеттерінен келген бүкіл әлемге белгілі және де бастаушы музыканттар қатысты. Фестиваль шеңберінде мастер-кластар ұйымдастырылып, орындаушылық шеберлік конкурстары өткізілді.
Jul 14, 2010

Нұрсұлтан Назарбаев Израиль Президенті Шимон Переспен телефон арқылы сөйлесті (2010 жылғы 4 наурыз)

Сұхбат барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен даму болашағы талқыланды. Тараптар, Израиль Президентінің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды, соның ішінде жоғары технологиялар бойынша бірлескен қор құруды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады (2010 жылғы 29 қаңтар)

Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын жүзеге асыруға арналды.
Президент 1997 жылы «Қазақстан – 2030» Стратегиясын қабылдай отырып, еліміздің ұзақ мерзімді бағыты, басты мақсаты мен басымдықтары белгіленгенін, одан кейін 2010 жылға дейінгі Стратегиялық жоспары қисынды даму жолына түскенін атап өтті.

Қазақстан ЕҚЫҰ төрағалығын қабылдайды, болашақ еуропалық қауіпсіздік сәулетіне қатысты үнқатысуды ұйымдастыруды нығайтуға және оны дамытуға тырысатын болады (2010 жылғы 1 қаңтар)

Бүгін Қазақстан ЕҚЫҰ төрағалығын қабылдап, ЕҚЫҰ құндылықтары мен қағидаттарын қалтқысыз ұстануға, барлық мүше-мемлекеттер мүдделерін ескеруге сонымен қатар еуразиялық кеңістіктің қауіпсіздігіне нақты үлес қосатын маңызды үнқатысу алаңы ретіндегі ЕҚЫҰ ролін дамытатындығын растайды.

Иерусалимде «Болашаққа көзқарас» Президенттік конференциясы өтті

2009 жылғы 20-22 қазанда Иерусалимде «Болашаққа көзқарас» Президенттік конференциясы өтті.
Президенттік конференцияда қоршаған орта, экономика, сауда және Таяу Шығыстағы жағдай мәселелері талқыланды.
Оның барысында Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов Қазақстан Президентінің әлемдік дағдарыстан шығу және дағдарыстан кейінгі әлемге бағытталған жұмыстар бойынша қойған мақсаттары мен міндеттері туралы баяндады.
Oct 22, 2009

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Беньямин Нетаньяхуға өз құттықтауын жолдаған

2009 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов өзінің израильдік әріптесі Беньямин Нетаньяхуға оның 60 жылдық мерей тойына орай құттықтауын жолдаған.
Oct 21, 2009

Авигдор Либерман Қазақстанға сапармен барған

Израиль Мемлекеті Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Авигдор Либерман 2009 жылғы 12-13 қазан аралығында Қазақстан Республикасына ресми сарапмен барған. Сапар барысында Израиль сыртқы саяси мекемесінің басшысы Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен, Президент Әкімшілігінің Басшысы Аслан Мусинмен, Парламент Сенатының Спикері Қасым-Жомарт Тоқаевпен, Премьер-Министр Кәрім Мәсімовпен және Мемлекеттік Хатшы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевпен кездескен.
Oct 14, 2009

Қазақстанның Елшісі Ғалым Оразбақов Израиль мемлекетінің Ауылшаруашылық және ауыл аумағының даму Министрі Шалом Симхонмен кездесті (2009 жылғы 30 қыркүйек)

2009 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Ғалым Оразбақов пен Израиль Мемлекетінің Ауылшаруашылық және ауыл аумағының даму Министрі Шалом Симхонның жұмыс кездесуі өтті. Сұхбат барысында жақында Израиль Президенті Ш.Перестің Қазақстанға сапары барысында келісімге келген аграрлық зерттеулер саласындағы қазақстандық-израильдік қорын құрудағы екі жақтың қызметін жандыру туралы сұрақтар талқыланды.

Қазақстанның Елшісі Ғалым Оразбақов Израиль Сыртқы істер министрі Авигдор Либерманмен кездесті (2009 жылғы 29 қыркүйек)

2009 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Ғалым Оразбақовтың Израиль Мемлекеті Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Авигдор Либерманмен кездесуі өтті. Тараптар өзара ықпалдастықтың барлық спектрлері бойынша екіжақты қатынастардың дамуын талқылаған.
בניית אתרים